KZTO 819,90 (+0,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,90 (+0,35)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасында «Мен – ҚазТрансОйл командасының мүшесімін» байқауы өткізілді

 08.09.2025    31

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен  Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Мен – ҚазТрансОйл командасының мүшесімін» байқауы өтті. Байқау қызметкерлердің шығармашылығын көрсетуге, командалық рухын нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған.

Бейне конкурсқа «ҚазТрансОйл» компаниялар тобының, сондай-ақ оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

«Мен – ҚазТрансОйл командасының мүшесімін» байқауының шартына сәйкес әр қатысушы қызықты Reels түсіріп, онда олар компанияға қалай келгенін, бұл саланы неге таңдағанын және «ҚазТрансОйл» командасының мүшесі болу ол үшін нені білдіретіні туралы айтты. Жеңімпаздар KazTransOil Telegram арнасында ұйымдастырылған дауыс беру арқылы анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі қызметкерлер жеңімпаз атанды:

  • Ең үздік жеке оқиға — Тимур Қырғызбаев, Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №8 МАС шебері.
  • Ең креативті формат — Жанібек Жулхаров, Атырау мұнай құбыры «Индер» МАС операторы.
  • Көркемдік пен актерлік шеберлігі үшін — Ернар Бозанов, Атырау мұнай құбыры Н. Шманов атындағы МАС тауар операторы.

Бұл байқау қызметкерлердің мотивациясын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және командалық рухты нығайтуға ықпал етті деп сенеміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Реакция:
Серiктестер