«Астана Арена» стадионында мұнай-газ секторы командалары арасында дәстүрлі Elorda Cup 2025 мини-футбол турнирі өтті. Биылғы жылы додаға инвесторлар, салалық ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған 20 мықты команда қатысты.
Қызу бәсекенің қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ командасы 2-орынды иеленіп, жоғары шеберлікті, командалық рухты және жеңіске деген жігерді көрсетті.
Тамаша ойын көрсеткен әріптестерімізге алғыс айтамыз, біз сіздермен мақтанамыз!