KZTO 834,98 (+0,61)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,98 (+0,61)

«Qazaqha Quiz» интеллектуалды ойынында бас жүлде

 24.11.2025    15

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған «Qazaqha Quiz» интеллектуалды ойынында Құлсары мұнай құбыры басқармасының жас мамандар командасы бас жүлдені жеңіп алды.   

Аудандық жастар арасындағы интеллектуалдық сайысқа жергілікті кәсіпорындардың жастардан құралған 10-нан аса командасы қатысып, бақ сынады. «Qazaqha Quiz» ойынының шарты бойынша қатысушылар ел тарихынан қойылған сұрақтарға,  логика­лық тест форматында, суретпен жасы­рылған сауалдарға және басқа түрлі логикалық сұрақтарға жауап берді.

Жас мұнайқұбыршылар  жан-жақты білімді, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерімен қатар командалық жедел шешім қабылдау шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл Құлсары мұнай құбыры басқармасының жастар командасына І-орын иеленіп, бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді.   

Жас әріптестерімізді тамаша нәтижесімен құттықтаймыз!


Реакция:
Серiктестер