KZTO 827,92 (+0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,92 (+0,36)

«ҚазТрансОйл» АҚ он айда «Самұрық-Қазына» АҚ қорының тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемін екі есеге арттырды

 19.11.2025    55

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың алғашқы 10 айында сатып алулардағы отандық тауарлар үлесін арттыруға бағытталған практикалық шараларды іске асыру нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ қорына қарасты тауар өндірушілермен жалпы сомасы 8,8 млрд теңгеге келісімшарттар жасасты. Бұл – жасалған барлық келісімшарттардың жалпы сомасының 58%-ын құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда отандық өндірушілерден сатып алу көлемі екі есеге өсті.

«ҚазТрансОйл» АҚ материалдық ағындарды тиімді басқаруға ерекше көңіл бөледі. Компания біртіндеп өткен жылдардағы тауар-материалдық құндылықтардың қоймадағы қалдықтарын қысқартып, оларды өндірістік процестерге белсенді түрде енгізуде. 2025 жылдың басынан бері олардың көлемі 73%-ға азайды.

Тауарлардың төмендемейтін апаттық қоры деңгейін тұрақты талдау операциялық қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Ол өндірістік процестердің үздіксіздігін, сол секілді сұраныс жоқ өтімсіз қорлардың болмауына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та жеткізілім келісімшарттары бойынша тауарларды рәсімдеу, қабылдау және жауапты сақтау тәртібі қарастырылған Ережелер бекітілген. Аталмыш Ережелер тендерлік құжаттамалар құрамына қосылады және мүмкін жеткізушілер танысуы үшін ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Компания тиімділікке бағытталған заманауи, технологиялық ұстанымдарын бекіте отырып, бизнес-процестерін дамыту және жетілдіруді жалғастырып келеді. Сандық трансформация аясында компания сатып алынатын тауарлардың құнын маркетингілік талдау үшін жасанды интеллект әдістерін енгізуді жоспарлауда. Бұл сатып алу процестерінің мөлдірлігін, нақтылығы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Болашақта компания «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілерімен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуды және сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруды жалғастыра береді.

Серiктестер