KZTO 834,28 (+1,04)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,28 (+1,04)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры жобасы бойынша серіктестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады

 27.11.2025    16

2025 жылғы 27 қарашада Қазақстан-Қытай мұнай құбырын пайдалану жобасының серіктес компанияларының онлайн-бейнеконференциясы өтті: «ҚазТрансОйл» АҚ, Sino-International Pipeline Company, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және «МұнайТас» СБҚК ЖШС қатысты.

Кездесудің мақсаты – ғылым, технология және инновация саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарларын талқылау.

Бейнеконференцияның негізгі тақырыбы ғылыми-техникалық шешімдер мен инновациялық даму саласындағы әріптестік ынтымақтастықты кеңейту болды. Қатысушылар мұнай құбыры инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыруға, жаңа технологиялық тәсілдерді енгізуге, өндірістік процестерді цифрландыруға және экологиялық стандарттарды жетілдіруге бағытталған ағымдағы нәтижелер мен белгіленген бастамалар туралы баяндамалар ұсынды.

Реакция:
Серiктестер