KZTO 825,71 (+0,08)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 825,71 (+0,08)

«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Теңізшевройл» ЖШС өзара ынтымақтастықты нығайтуда

 26.11.2025    11

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов пен «Теңізшевройл» ЖШС тасымалдау және маркетинг жөніндегі бас менеджері Кристофер Билдің кездесуі өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Арман Қасеновтың айтуынша, ТШО «ҚазТрансОйл» АҚ үшін негізгі әріптестердің бірі саналады. «ҚазТрансОйл» өндірістік үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мұнайды тасымалдау саласындағы перспективалы жобаларды одан әрі іске асыруға ашық.

Өз кезегінде Кристофер Бил «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметімен орнықты іскерлік байланыстар орнатып, елдің энергетика саласын дамытуға тұрақты үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ТШО «ҚазТрансОйл» АҚ-пен дәстүрлі әріптестік қатынасты сақтап, белгіленген бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастырып келе жатқанын айтты.

Кездесу барысында мұнайды тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды, сондай-ақ қатысушылар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделі екенін растады.

Серiктестер