KZTO 834,98 (+0,61)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,98 (+0,61)

Жұмысшылардың кәсіподақ төрағасымен кездесуі

 25.11.2025    31

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмет Сәрсенбай Атырау мұнай құбыры басқармасы мен Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Ахмет Сәрсенбай жұмыскерлерге кәсіподақтың қазіргі қызметі туралы ақпарат беріп, оның заманауи талаптарға сай қалай жаңғыртылатынын баяндады.

Қатысушылар кәсіподақтың негізгі бағыттарын, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті дамыту, ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз ету және еңбек заңдылығын қоғамдық бақылауда ұстау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдық және әлеуметтік жұмысын нығайту, еңбек қатынастарын жетілдіру және кәсіподақ құрылымдарының белсенділігін арттыруға арналған арнайы жол картасын әзірлеп жатқаны айтылды.

Кездесудің соңында Ахмет Сәрсенбай ұжымға белсенділігі, қызығушылығы және конструктивті ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, кәсіподақ әрдайым диалогқа ашық екенін және жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарына қатысты мәселелерді жедел шешуге дайын екенін тағы бір мәрте атап өтті.




Реакция:
Серiктестер