KZTO 952,91 (-0,53)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 952,91 (-0,53)

«ҚазТрансОйл» АҚ пен «PERN» АҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

 23.12.2025    60

2025 жылғы 23 желтоқсанда Варшава қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ пен «PERN» АҚ Польша Республикасының аумағындағы «Адамова Застава» пунктінде мұнайды қабылдау және тапсыру мәселелерін реттейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім тараптардың мұнайды қабылдау, тапсыру және есепке алу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Құжатта технологиялық рәсімдер мен құжат айналымын жүргізу тәртібі, сондай-ақ үдеріс қатысушылары арасындағы функциялар мен жауапкершіліктің бөлінуі белгіленген. Келісім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Польшаның мұнай құбыры жүйесінің операторы «PERN» АҚ-мен ынтымақтастық Қазақстан мұнайының Германия бағытына тұрақты транзитін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан басталатын бүкіл тасымалдау маршруты бойында магистральдық мұнай құбырлары операторлары арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою тұрғысынан маңызды мәнге ие.

Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің ұлттық операторы – «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдау кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Серiктестер