«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит мақсатында көрсетілетін келесі қызметтерге тарифтер бекітіліп, олар 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі:
-
Т. Қасымов атындағы МАС-та теміржол цистерналарынан мұнайды құю – 1 тонна үшін 1 715,05 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 969 теңге, немесе 130 %;
-
Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды «Кенкияк-Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю – 1 тонна үшін 80,99 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 0,6 теңге, немесе 0,8 %;
-
«Шағыр» мұнай құю эстакадасында мұнайды теміржол цистерналарына құю – 1 тонна үшін 517,00 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 236 теңге, немесе 84 %.
Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 8 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 наурыздан бастап Ресей Федерациясынан шыққан мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттік тасымалдау құны өзгереді:
-
Ресей Федерациясынан шыққан мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттік тасымалдау құны – 1 тонна үшін 28,02 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз) өсім 0,12 АҚШ доллары, немесе 0,4 %;
-
оның ішінде «Шағыр» мұнай құю пунктінде мұнайды теміржол цистерналарына құю тарифі – 1 тонна үшін 0,96 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз) өсім 0,12 АҚШ доллары, немесе 14 %.