KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Басымдықта – өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен су тасқынына дайындық

 06.02.2026    21
«ҚазТрансОйл» АҚ денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ай сайынғы кеңес өтті. Кеңеске компания басшылығы, орталық аппараттың және жекеленген құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
Кеңес барысында өндірістік қауіпсіздік, соның ішінде тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері қаралды, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылы республикалық экологиялық акция «Таза Қазақстанға» қатысуының нәтижелері талқыланды.
 
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша барлық құрылымдық бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, тасымалдау қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі, кәсіби қауіп-қатерлерді азайту, жұмыс орнындағы және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізудің маңыздылығы баса айтылды.
 
Сонымен қатар, қатысушылар 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін қарастырып, магистральдық мұнай құбырлары нысандарының көктемгі су тасқыны кезеңінде жұмысқа уақтылы және сапалы дайын болуын қамтамасыз ету міндеттері қойылды.
 
Серiктестер