KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (әрі қарай – Қоғам) кредит дәрежесін «Bаа3» деңгейінде қуаттады. Болжам тұрақты.

 12.08.2013    282
Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (әрі қарай – Қоғам) кредит дәрежесін «Bаа3» деңгейінде қуаттады. Болжам тұрақты. Қоғамның кредит қабілеттілігіне мыналар оң әсер етеді: оның қызмет ауқымы және табыс тұрақтылығы, ұлттық оператор мәртебесіне байланысты Қоғамның ішкі нарықтағы мықты ұстанымы, орташа мерзімді келешекте тасымалдау көлемінің азаюы қатерінің төмен деңгейі, жоғары пайдалылық көрсеткіштері және борыштық жүктеменің төмен деңгейі. Moody’s Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қоғамды қолдау мүмкіндігінің «жоғары» бағасы Қоғамның мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз етудегі энергетикалық экспорттың маңызды ролін назарға алады.
Реакция:
Серiктестер