KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ААҚ ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

 10.11.2017    2018
Аталмыш құжатқа «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов және «Транснефть» ААҚ президенті – басқарма төрағасы Николай Токарев қол қойды. Қол қою рәсімі Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтті.

Меморандум «Транснефть» ААҚ-тың орталық өндірістік қызметтік базалары мен зауыттарында шығарылатын электр қозғалтқыштар, электр жетектер, түптік шөгінділерді шаю үшін қолданылатын құрылғылар, сораптар мен сораптық құрылғыларды «ҚазТрансОйл» АҚ қажеттілігі үшін жеткізу мүмкіндігін қарастыруға бағытталған. Меморандум тең құқықтық, релеванттылық, ашықтық және парасаттылық негізінде әзірленген. Құжат «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ААҚ арасындағы серіктік байланысты нығайта түсіп, Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықты бұдан әрі жалғастырмақ. Форумға қатысушылар «Транснефть» ААҚ-тың озық технологиялары ұсынылған экспозициясымен танысты. Бұған қоса, челябілік «Транснефть Нефтяные Насосы» АҚ зауытының сораптық құрылғылары, великолуктік «Транснефтемаш» зауытының мұнай және мұнай өнімдерінің санын және сапасын өлшейтін жүйе, «Транснефть – Диаскан» АҚ әзірленген магниттік-ультрадыбыстық дефектоскоппен ұштастырылған құбырішілік диагностикалау құрылғылармен де таныс болды.

Форум «Транснефть» ААҚ (51%) және «КОНАР» АҚ (49%) қатысуымен 2015 жылы құрылған «Русские электрические двигатели» АҚ алаңында өтуде. Аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумына 1,5 мыңнан аса мейман қатысуда. Олардың арасында атқарушы органдардың басшылары, шекарамен шектес аймақтардың губернаторлары мен әкімдері, екі елдің бизнес өкілдері де бар.
«ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі

«Транснефть» ААҚ баспасөз қызметі
Серiктестер