KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жаңа өкілдігі

 21.09.2018    469
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі Мәскеуде өкілдік ашу туралы шешім қабылдады. Аталған шешімді «ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ, отандық мұнайды тасымалдау барысында және ресей мұнайын Қазақстан аумағы бойынша транзиттеуде Қазақстан, Ресей Өзбекстанның жүк жөнелтушілермен жасалған келісім шарттардағы міндетті оңтайлы әрі тиімді жүзеге асыру мақсатында қабылдады. Мәскеудегі өкілдік, өз жұмысын Ресей Федерациясындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың аккредетациясы аяқталғаннан кейін бастайды.

Бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясында екі өкілдігі жұмыс істейді, олар Самара және Омбы қалаларында орналасқан. Аталған құрылымдар қазақстан мен ресей мұнайын қазақстандық, өзбекстандық, ресейлік жүк тасымалдаушылармен жасалған келісім бойынша үзбей қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асырып отырады. Бұған қоса Мәскеудегі өкілдік, «Транснефть» ЖАҚ және Ресей Федерациясының мемлекеттік уәкілетті органдарымен іскерлік қарым-қатынасты орнатумен қатар, самаралық өкілдіктің де жұмысын қамтамасыз етіп отырады. «ҚазТрансОйл» АҚ Мәскеудегі өкілдігінің ашылуы, ресейдегі серіктестермен және мемлекеттік уәкілетті органдармен қарым-қатынас көкжиегін артып, ресей мен қазақстан мұнайы тасымалдау бағытындағы маңызды деген мәселелерді бірлесіп шешуге, келісім-шарттағы міндеттерді барынша орындауға септеседі. Мұның барлығы әрине компанияның қаржылық-экономикалық жағдайына оңтайлы әсер ететіні сөзсіз.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер