«Дружба» магистральдық құбыр жүйесінде 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында 38 қазақстандық мұнай компаниясының 699 мың тоннаға жуық мұнайының ластануына байланысты оқиғаны реттеу аясында осы компаниялардың атынан сөйлеген «ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ-пен кондициялық емес мұнай үшін қалған 6 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды. Бұған дейін өтемақы төлеу туралы ұқсас келісімдер 32 қазақстандық мұнай компанияларының мүддесі үшін жасалды, оның ішінде «Транснефть» ЖАҚ тарапынан 14 компанияға төлемдер жасалды. Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында тасымалданған мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырлануына байланысты «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде төтенше жағдай орын алды, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілері үшін кондициялық емес мұнай тиеуге әкеліп соқтырды.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті