$«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша өндірістік қорытындысын жариялады. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 22 млрд 163 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 735 млн тонна-километрге кем.
«ҚазТрансОйл» АҚ жеке магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 21 млн 510 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 689 мың тоннаға кем. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 18 млрд 417 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас көрсеткішінен 454 млн тонна-километрге аз.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 803 мың тоннаға немесе 10% - ке азайды және 7 млн 378 мың тонна мұнайды құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 2 млн 616 мың тонна, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС - 2 млн 324 мың тонна, Павлодар мұнай химия зауытына - 2 млн 48 мың тонна, «Ақтау пластикалық массалар зауыты» ЖШС базасындағы битум зауытына-389 мың тонна жеткізілді.
2019 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша тасымалданған мұнай көлемі 420 мың тоннаға артып, 7 млн 653 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 431 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 20 мың тоннаға көп.
«Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 5 млн 366 мың тонна мұнай және КҚТ-К магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне 442 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2019 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіштер тиісінше 182 мың тоннаға және 397 мың тоннаға төмендеді.
Темір жол цистерналарынан 247 мың тонна мұнай төгілді, бұл 2019 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 6 мың тоннаға кем.
«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдаланып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю көлемі 1 млн 50 мың тоннаны, темір жол цистерналарына мұнай құю - 290 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштер 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49 мың тоннаға және 245 мың тоннаға артты.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 7 млн 532 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың ұқсас көрсеткішінен 556 мың тоннаға кем. Жүк айналымы 6 млрд 972 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштен 350 мың тонна-километрге кем.
«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 344 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 400 мың тоннаға кем. Жүк айналымы 206 млн тонна-километрге азайып, 511 млн тонна-километрді құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниясы және «Petrotrans LTD» компаниясы тобы бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі 409 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл 2019 жылдың I жартыжылдығына қарағанда 80 мың тоннаға кем.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы «Магистральдық суағызғы» ЖШС-мен 14 млн 403 мың текше метр тұщы су берілді, 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда өсім 378 мың текше метрді құрады.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті