«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері 27 қарашада «Qauipsiz bolashaq» (Қауіпсіз болашақ – Безопасное будущее) слоганымен жыл сайынғы III HSE (Health, Safety & Environment) - форумына қатысады. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Форум қатысушыларына «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Ален Таңатаров құттықтау жолдады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тағы денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың басқарушы директоры Қайрат Сейітмағамбетов таныстырады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов «ҚазМұнайГаз«ҰК» АҚ тобындағы HSE басым бағыттарын айтады.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың нөлдік көрсеткіші тұжырымдамасы туралы Total компаниясының HSE жобасының басшысы Сирилл Сэнтони айтып береді.
Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски «Vision zero» қауіпсіздік мәдениетінің ерекшеліктері туралы хабардар етеді.
Өнеркәсіптік компаниялардың біздің планетамызға және экологиямызға әсер ету мәселелері «Газпромнефть-ГЕО» ЖШҚ экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ирина Багаутдинова мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің теңіз зерттеулері орталығының экологиялық жобалау және рұқсат беру құжаттамасы бөлімінің бастығы Николай Прохоровтың сөйлеген сөзінде қарастырылады.
Royal Dutch Shell Plc қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық менеджері Ирен Токсопеус HSE саласындағы жеке және ұйымдастырушылық жауапкершілік туралы кейстермен бөліседі.
Форумның барлық қатысушы-спикерлеріне нақты уақыт режимінде сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі.
Форум аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Үздік бөлімшесі», «Қауіпсіздік амбассадоры» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау өтеді. Сонымен қатар, «Менің қауіпсіз жұмыс орным» және «HSE жөніндегі ең креативті челлендж» конкурстарының қорытындысы шығарылады.
Форумның трансляциясы мына сілтеме бойынша қолжетімді болады:
https://qauipsizbolashaq.kz/forum.
Форумның басталуы: 2020 жылғы 27 қараша күні сағат 14: 30 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), темір жол (цистерналарға құю), ККК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Нұр-Сұлтан қаласында, Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті