KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» жобасын 2021 жылы аяқтайды

 05.01.2021    1000
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылы өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейінгі «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» инвестициялық жобасын аяқтайды. Бастапқыда жобаны 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мақұлдаған мерзімді түзету COVID-19 пандемиясының ықпалымен байланысты болды.

Жобаның алғашқы іске қосу кешені аясындағы барлық іс-шаралар 2020 жылғы маусымда аяқталды. Атап айтқанда, Н.Шманов ат. БМАС-тан «Атырау – Кеңқияқ» мұнай құбырына дейін мұнайды есепке алудың коммерциялық торабының және тазарту құрылғысын іске қосу торабының алаңдары бар, жалпы ұзындығы 6,5 км болатын мұнай құбырының екі тармақты бөгеті салынды. «МұнайТас» ЖШС-ның Т.Қасымов ат. МАС,  «Кеңқияқ» МАС, «Атырау – Кеңқияқ» мұнай құбырының желілік бөлігі аумағындағы объектілерін қайта жаңарту аяқталды. Бірінші іске қосу кешенінің нысандарын қабылдау 2020 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай тасымалдау көлемін айына 90-100 мыңнан 190-200 мың тоннаға дейін реверс режимде арттыруға мүмкіндік берді.

Екінші іске қосу кешені аясында «Аман» МАС құрылыс алаңында технологиялық құбырларға гидравликалық сынақтар жүргізілді, тазарту құрылғысын қабылдауды іске қосу торабын қосу нүктесінің 226 км «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырына ойып кіру жүзеге асырылды. «Құлсары» қосалқы станциясы мен «Аман» қосалқы станциясында барлық жұмыстар, соның ішінде іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, 110 кВ жоғары вольтты екі желіге, «Аман» МАС 10/04 кВ жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясы мен «Аман«МАС магистральдық сорғы агрегаттарына кернеу берілді.

 «Өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» жобасы «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары жүйесін салу және дамыту кезеңдерінің бірі болып табылады. Оны пайдалануға беру Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайын жылына 6 млн тоннаға дейінгі көлемде Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына кері бағытта тасымалдауды, сондай-ақ «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры мен «Шағыр» МҚП теміржол цистерналарымен Қытайға экспорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ. орналасқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер