SGS Italia сәйкестікті растау жөніндегі орган инспекциялық аудит қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-қа ISO 50001:2018 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» халықаралық стандарттың жаңа нұсқасының талаптарына энергетикалық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатын берді. Осы стандарттың талаптарын енгізу «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің энергия тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2020-2025 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруда. Компанияда жыл сайын энергияның барлық түрлерінің үлестік шығынын төмендету (мұнайдың жүк айналымына), электр энергиясының үлестік шығынын азайту (мұнайдың жүк айналымына), газды үлестік тұтынуды төмендету (мұнай қыздыруға), энергия ресурстарын жалпы тұтынуды төмендету сияқты энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштері бекітіледі.
2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде энергетикалық ресурстарды тұтынудың жиынтық көлемі 17,9%-ке төмендеді, бұл ретте мұнай қыздыруға табиғи газды тұтыну 20,7%-ке, мұнай айдауға электр энергиясын тұтыну 5,7%-ке төмендеді. Мұнайды айдаудың энергия ресурстарын тұтынудың төмендеуі мұнай құбырларының оңтайлы жұмыс режимдерін қолданумен байланысты. Соңғы 5 жылда мұнай тасымалдаудың энергия тиімділігін жақсарту компанияға 1,58 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылы Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің алғашқы субъектілерінің бірі болып SGS Italia сәйкестікті растау жөніндегі органынан ISO 50001:2011 талаптарына энергетикалық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатын алды.