SGS SA сәйкестікті растау жөніндегі органның аудиторлары жүргізген инспекциялық аудит қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі оң бағаланып, ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі. Оларды қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулық» жаңа халықаралық стандарт талаптарына сай келетініне сертификатталды.
Осы стандарттың талаптарын «ҚазТрансОйл» АҚ-қа енгізу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және кәсіби сырқаттанушылықты болдырмау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ алғаш рет кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін сертификаттау аудитінің қорытындысы бойынша 2007 жылы Det Norske Veritas сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық органнан OHSAS 18001:1999 ерекшелігінің талаптарына сәйкестік халықаралық үлгідегі сертификат алды. 2008 жылы компания OHSAS 18001:2007 «Кәсіби денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері. Талаптар» стандартының жаңа нұсқасына сәйкестікке қайта сертификаттау аудитінен өтті. 2015 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ SGS SA сәйкестікті растау жөніндегі орган берген OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестік сертификатына ие.