KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Smart Bridge мемлекеттік платформасында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнайды есепке алу жөніндегі деректеріне қол жеткізуге болады

 18.03.2021    543
«ҚазТрансОйл» АҚ және бірлескен  бақылаудағы компаниялары – «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «МұнайТас» ЖШС – «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі»  интеграцияланған ақпараттық жүйесіне мұнайдың саны мен сапасы көрсеткіштерін өлшеу жүйелерінің (МСӨЖ) деректерін береді. Сонымен қатар, бұл деректер Smart Bridge мемлекеттік интеграцияланған платформасында қол жетімді.

МСӨЖ «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 11 өндірістік объектісінде орнатылған. Олар мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына («Павлодар» БМАС» МСӨЖ, «Шымкент» ҚТП»   МСӨЖ, «Битум зауыты» МСӨЖ) тасымалдау кезінде, «Өзен – Атырау – Самара» («1235 км-дегі ҚТП» МСӨЖ) және «Атасу-Алашанькоу» («Атасу» БМАС» МСӨЖ) магистральдық мұнай құбырлары арқылы экспортқа тасымалдау кезінде, сондай-ақ мұнайды жүк жөнелтушілерден  («Қаламқас» БМАС»  МСӨЖ, «Солтүстік Бозашы» МАС» МСӨЖ, «Прорва» МАС» МСӨЖ, «Мартыши» МАС» МСӨЖ, «Мақат» МАС» МСӨЖ, «Кеңқияқ» БМАС МСӨЖ) қабылдаған кезде мұнайды есепке алуды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС МСӨЖ-ді  3 өндірістік объектіге енгізді. Мұнайды есепке алу мұнайды «Кеңқияқ-Құмкөл» («Кеңқияқ» МСӨЖ, «Құмкөл» МСӨЖ) және «Атасу-Алашанькоу» («Алашанькоу» МСӨЖ) магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау кезінде жүргізіледі.

«МұнайТас» ЖШС МСӨЖ-ді «Кеңқияқ» БМАС-та, Т. Қасымов атындағы МАС-та, Н. Шманов атындағы МАС жанындағы «МұнайТас» ЖШС ҚТП-да пайдаланады. Мұнайды есепке алу «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша «Өзен-Атырау-Самара»  мұнай құбыры арқылы экспортқа және ішкі нарыққа  аверс режимінде («Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС), сондай-ақ «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры арқылы реверс режимінде ішкі нарыққа («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) тасымалдау кезінде жүзеге асырылады.

 «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын иеленетін  «ҚазТрансОйл» АҚ   (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50 %) бірлескен кәсіпорны.

 «МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49 %) бірлескен кәсіпорны.
Реакция:
Серiктестер