KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2020 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Samruk Research Services индексі 91% құрады

 06.04.2021    968

Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін көрсететін «ҚазТрансОйл» АҚ Samruk Research Services индексі 2020 жылы 91% құрады. Бұл жөнінде ұжыммен есепті онлайн-кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов хабарлады.

«Біз үшін әрбір қызметкердің өзін әлеуметтік тұрғыдан қорғалғанына және ертеңгі күніне сенімді болғаны маңызды. Біз бұған қол жеткіздік деп сенімді айта аламыз. Мұны 2020 жылы 91% құраған Samruk Research Services индексі растайды. Бұл көрсеткіш компанияның еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді», - деді Димаш Досанов.

Samruk Research Services индексіне үш субиндекс кіреді: қатысушылық, әлеуметтік әл-ауқат және әлеуметтік тыныштық. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қатысушылық индексі 2019 жылмен салыстырғанда 25 пайыздық тармаққа ұлғайды және 93% құрады, осылайша 2013-2020 жылдары ең жоғары белгіге жетті. Әлеуметтік әл-ауқат индексі 2020 жылы 80% құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өскені байқалды. 2020 жылы әлеуметтік тыныштық индексі 2019 жылмен салыстырғанда 16 пайыздық тармаққа ұлғайып, 93%  құрады. Жұмысшылар еңбек ұжымдарында жағдай тыныш деп санайды: респонденттердің көпшілігінде 2020 жылы жұмыскерлер мен басшылық арасында шиеленіс болған жоқ.

2013 жылдан бері «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы бағалап келеді. Әлеуметтік тұрақтылық және өзара іс-қимыл орталығының талдау және консалтинг бөлімінің басшысы Исатай Минуаров түсіндіргендей, қатысушылық индексі компаниядағы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігіне, өзара қарым-қатынастар мен коммуникацияларға қанағаттану деңгейін, сондай-ақ қызметкерлердің ниеттестік деңгейін көрсетеді. Әлеуметтік әл-ауқат индексі жұмыскерлердің көңіл-күйін тіркейді, ал ол негізінен сыртқы факторлармен және әлеуметтік ортамен анықталады.

Реакция:
Серiктестер