«ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-тың («ҚазТрансОйл» АҚ-қа қатысу үлесінің 100%-ы тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-тың (үлесінің 100%-ын басқаруға арналған айрықша құқықтары бар) өндірістік объектілерін аралады, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерімен танысты.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында БМТ компаниялар тобы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеуді 77% - ға ұлғайтты. Мұнай құятын жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 726 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі түркімен тектес жаңа жүктерді тарту есебінен қамтамасыз етілді. 2021 жылғы қаңтар-маусымда 198,8 мың тонна ашық түсті мұнай өнімдерін және 224,2 мың тонна түрікмен қара мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. Бұдан басқа, БНТ жаңа жүк жөнелтушілерін тарту бойынша жұмыс шеңберінде Түрікменстаннан шикі мұнайды ауыстырып тиеуге шарт жасалды. 2021 жылдың тамызында мұнайдың алғашқы жеткізілімі күтілуде. Қазіргі уақытта Түркіменстаннан қара мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«ҚазТрансОйл» АҚ БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иеленеді және басқарады. БМТ өз айлақтарын, технологиялық құбыржолдары мен резервуарларын пайдалана отырып, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін ауыстырып тиеу, қайта айдау, сақтау жөніндегі қызметтерді ұсынады. БМТ-ның бәсекелестік артықшылығы 22 түрлі мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі сұрыптарын (оның ішінде сұйытылған көмірсутекті газды) сақтау және ауыстырып тиеу. БМТ-ға 133 резервуар, технологиялық құбыр жүйелері, 6 ағызу эстакадасы, 3 айлақ және 1 шығарылатын айлақ құрылғысы кіреді.