«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Данияр Берлібаевтің өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылып, Марат Орманов «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ осы шешімге сәйкес Марат Орманов «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Марат Орманов («ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Марлен Оразбеков («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Талғат Құрманбаев («ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), Винишиус Агостини (тәуелсіз директор), Альберто Мартинес (тәуелсіз директор), Адриан Фрейсине (тәуелсіз директор) кіреді.