«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас директорларының VII жыл сайынғы «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Жаңа сын-қатерлер мен тәсілдер» форумында «ҚазТрансОйл» АҚ Төтенше және дағдарыстық жағдайларды басқару бойынша озық тәжірибелерді тиімді енгізгені үшін жоғары марапатқа ие болды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары, мемлекеттік органдар мен ҚМГ шетелдік серіктестерінің өкілдері қатысты.
Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев адамдар - компанияның ең жоғары құндылығы адам екенін атап өтті.
- Екі жыл ішінде біздің уақытымыз бен ресурстарымыздың едәуір бөлігі пандемиямен күресуге бағытталды, бірақ бүгін біз қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне барынша назар аударуымыз қажет. Адамдар – «ҚазМұнайГаз» үшін ең жоғары құндылық және біздің басты мақсатымыз - барлық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын дәл орындау, қауіпсіз өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету ҚМГ қызметкерлері үшін негізгі басымдыққа айналуға тиіс, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Өз баяндамасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов өз бағыты бойынша табысты және артта қалған топ кәсіпорындарын атады, сондай-ақ ҚМГ-ның «HSE тиімділік дөңгелегі» корпоративтік моделі туралы айтты, онда 12 бағыт ұсынылған, олар бойынша оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу үшін ЕТҰ жүйелі түрде жұмыс істеуі тиіс.
Сондай-ақ форумда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2021 жылғы және 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмысының нәтижелері шығарылды. «ҚазТрансОйл» АҚ Төтенше және дағдарысты жағдайларды басқару бойынша озық тәжірибелерді тиімді енгізгені үшін марапат алды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев ҚМГ-ға компанияның HSE саласындағы қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.
- Бұл «ҚазТрансОйл» HSE саласындағы көшбасшылардың бірі екенін дәлелдейді. Біздің компанияда «Қорғау» картасы жұмыс істейді, ол қызметкерлерді өндірістегі еңбекті қорғау мәселелеріне белсенді қатысуға ынталандырады. Компанияның 25 жылдығы аясында бұл марапат еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды арттыру саласында жаңа биіктерге жету үшін үлкен сеп болады, - деп атап өтті Талғат Құрманбаев.
Форум соңында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым бағыттарды айқындады. Олардың арасында ластаушы заттардың шығарындыларын басқару, шикі газдың зиянын азайту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару, жерді қалпына келтіру және биотүрлілікті сақтау бар.