KZTO 843,00 (+1,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (+1,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ-ДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТОБЫНЫҢ АЛДАҒЫ IPO КОМПАНИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

 05.10.2022    948
»Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының алдағы IPO-ға шығуына арналған roadshow аясында KASE және AIX брокерлік-дилерлік ұйымдары мен қор биржаларының өкілдері «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Олар бағалы қағаздар нарығында инвестициялаудың артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері туралы айтты.
 
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес 2022 жылдың IV тоқсанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO, 2023-2024 жылдары – «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ («Green Co»), 2024-2025 жылдары – «QazaqGaz» ҰК» АҚ, 2025 жылы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, сондай-ақ 2023-2024 жылдары – «KEGOC» АҚ SPO.    
 
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын және жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 25% акциясын сатуды қоса алғанда, жалпы сомасы 191 млрд теңгеге 94 актив сатылды.

pdf    18.46Мб    103
Реакция:
Серiктестер