Fitch Ratings Ltd халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың 4 қазанында жыл сайынғы несиелік рейтинг шолуын жариялады. «ҚазТрансОйл» АҚ компанияның рейтингі 2022 жылдың маусымында расталғаннан бері «ВВВ –», болжам «Тұрақты» болып өзгеріссіз қалды.
Fitch «ҚазТрансОйл» АҚ-ның күшті операциялық және қаржылық бейіні оның ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау секторындағы үстем ұстанымымен нығайтылатынын атап өтті. Бұл ретте, «ҚазТрансОйл» АҚ бағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейімен шектеледі («ВВВ –» , «Тұрақты» болжамы).
Fitch компанияның ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығын, «ҚазТрансОйл» АҚ ақша ағындарының тұрақты қалыптасуын, 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша қаржылық берешектің жоқтығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы операциялық қызметке байланысты нормативтік-құқықтық база мен тәуекелдерді назарға ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның меншікті кредит қабілеттілігін «BBB» деңгейінде бағалайды.