«ҚазТрансОйл» АҚ жылдық есебі Қазақстан қор биржасы (KASE) өткізетін жыл сайынғы конкурс аясында 2021 жылға арналған қызмет нәтижелері бойынша «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп» номинациясында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ «2021 жылға арналған жылдық есептің үздік дизайны» номинациясы бойынша дипломға ие болды. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 17 ақпанында Алматы қаласында өтті.
Байқау барысында заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері тарапынан конкурсқа қатысуға өтінім берген 2021 жылға тұрақты даму бойынша есептері мен жылдық есептері бағаланды. Барлығы 150 критерий бойынша баға берілді. Конкурсқа қатысуға қаржылық және қаржылық емес секторлардағы ұйымдардан 23 өтінім түскен.
«Үздік жылдық есеп» аталымында Қазақстанда шығарылатын барлық жылдық есептерге талдау жасалды, басты назар ақпаратты барынша толық және сапалы ашуға аударылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жылдық есебінде 2021 жылға арналған қаржылық-өндірістік қызметінің нәтижелері, тұрақты даму саласындағы нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ Компанияның болашақтағы даму перспективалары көрсетілген.
Айта кету керек, «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайынғы есеп беру байқауларының белсенді қатысушысы болып табылады және байқаудың түрлі номинацияларында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.