KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырау мұнай құбыры басқармасы әз-Наурыз мерекесін атап өтті

 27.03.2023    515

Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымы Наурыз мейрамын биыл айшықты атап өтті. Қызметкерлердің бәрі бұл күні ұлттық киім киіп, бір-бірімен емен-жарқын көрісіп жатты. Батыста Наурыз көрісу амалымен ұштаса келеді. Сондықтан да шығыстың жыл басын мұнайқұбыршылар өз ерекешелігімен қарсы алды. Келушілердің бәріне «Наурыз көже» ұсынылды.  Алаңға киіз үй тігіліп, дастархан жайып барша бір-бірін Ұлық мерекемен құттықтады.



    Атырау мұнай құбыры басқарамасының бастығы Өтеу Есмұрзин мұнайқұбыршыларды мерекемен құттықтап, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық тіледі. Шымкент қаласындағы компания арасында өткен ұлттық салт-дәстүр сайысына қатысқан қызметкерлерді «Алғыс хаттармен» марапаттады. «Қазақ батыры» сайысында жүлделі екінші орын иеленген «Сахарный» МҚС желілік құбыршысы Дамир Қапышевқа бағалы сыйлық тапсырды.



Одан соң мерекеде қазақтың ұлттық ойындары: арқан тарту, ләңгі тебу, қол күресі және қой көтеру ойынынан өндірістік құрылымдар арасында сайыс ұйымдастырылды. Наурыз мерекесі басқарманың көркемөнерпаздары ұйымдастырған арнайы концертке жалғасты. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер