KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілерден мұнай тасымалдауға өтінімдерді қабылдау жұмысы қалай жүргізілетіні жайында түсініктеме берді

 31.03.2023    450
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық мұнай құбыры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық жүк жөнелтушілерге өзінің магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау бойынша қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тең жағдай жасайды.

Ішкі нарыққа мұнай жеткізу, экспорттау және «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы транзиттік тасымалдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл кесте мұнай жөнелтушілер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне берген жоспарлы айға мұнай тасымалдауға берілген өтінімдер негізінде қалыптастырылады.

Мұнайды қабылдау және беру кезіндегі есепке алу ҚР СТ 1474-2016 «Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнайды есепке алу жөніндегі нұсқаулық».
Мұнайды экспортқа тасымалдауға қабылдау келесі растаушы құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады: алдын ала төлем, мұнайды тасымалдауға тапсырыстар, кедендік декларация, тауардың шығу тегі туралы сертификат.

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау үшін жүк жөнелтушілер алдын ала төлемді, мұнайды тасымалдауға тапсырыстарды, зауыттың мұнайды қабылдауын растауды ұсынуға міндетті.

Мұнайды қабылдау және тапсыру мұнайды қабылдау-тапсыру актілерімен және оған қоса берілетін мұнай сапасының сертификатымен құжатталады.

Жүк жөнелтушілер тасымалдауға тапсыратын мұнайдың сапасы ҚР СТ 1347-2005 «Мұнай. Жалпы техникалық шарттар» және «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілермен жасасқан шарттар талаптарға сәйкес келу қажет. Мұнайдың сапасы осы талаптарға сәйкес келмесе, жүк жөнелтушілер мұнайдың сапасы мәселелерін реттегеннен кейін мұнай қабылдау жүзеге асырылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ қабылданған және жіберілген мұнайдың есебін күнделікті түрде жүргізеді.

Жүк жөнелтушілердің өндірістік объектілері ҚР СТ 2081-2011 «Магистральдық мұнай құбырлары. Пайдалану қауіпсіздігі талаптары», ҚР СТ 2080-2010 «Магистральдық мұнай құбырлары. Өрт қауіпсіздігі» және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Мұнай мөлшерін өлшейтін құралдар белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс калибрленуі керек.

Мұнай тасымал жұмысы жүк жөнелтушіден «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне мұнай нақты құылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
 
Реакция:
Серiктестер