KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Грузиядағы «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы мен Abu Dhabi Ports «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобының өндірістік қуатын арттыру мәселелері қарастырылды

 10.04.2023    716
2023 жылғы қаңтарда жасалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыру шеңберінде «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ басшылығы («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесімен 100% тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ («Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға 100% басқаруға эксклюзивті құқықтар үлесі тиесілі) Abu Dhabi ports Group, «Қазтрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС және «KMG Systems&Services» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Батуми теңіз порты мен Батуми мұнай терминалының нысандары таныстырылды. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және Қара теңіз акваториясында мұнай тасымалдау мақсатында өндірістік қуаттарды ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.
 
_______________________
 
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БНТ) – еншілес ұйымы «ҚазТрансОйл» АҚ (100 %). БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік ету және басқару жүзеге асырылады. БМТ-да «Батуми теңіз порты» ЖШС 100% үлесті басқаруға эксклюзивті құқықтар бар.

Abu Dhabi Ports Group-Біріккен Араб Әмірліктерінің порты, өнеркәсіптік және логистикалық оператор. БАӘ мен Гвинеядағы 10 порт пен терминалға (контейнерлік, алып жүктер, Ро-Ро, круиздік), сондай-ақ 550 шаршы км-ден астам өндірістік аймақтарға иелік етеді және басқарады.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер