KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңартуды қаржыландыру үшін «Магистральдық Суағызғы» ЖШС дағдарысқа қарсы қаражатты облигациялық қарыз түрінде 50 млрд теңге алады

 13.04.2023    315
«Магистральдық Суағызғы» ЖШС (қатысу үлесінің 100% «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі) «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1-кезек» инвестициялық жобасын іске асыру үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-дан облигациялық қарыз түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 50 млрд теңге сомасында дағдарысқа қарсы қаражат алады.

Осыған байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірде «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жалпы сомасы 50 млрд теңгеге 50 млн облигация шығаруды жүзеге асырады.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дағдарысқа қарсы қаражат беру үшін «Магистральдық Суағызғы» ЖШС облигациялық қарыз түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ-дан осындай облигациялық қарыз тартады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 14 наурыздағы шешіміне сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50 млрд теңгеге облигациялар шығаруды жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға осы қаражатты 50 млрд теңге және 20 млрд теңге сомасына екі облигациялық қарыз түрінде беруді жоспарлап отыр. Алынған дағдарысқа қарсы құралдар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-на ұқсас облигациялық қарыздар түрінде береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражаттан басқа, жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылғы қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарызы тартылды.

Жобаның жалпы құны ҚҚС-пен 112,9 млрд теңгені құрайды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жарғылық капиталға қатысу үлесінің 100% иеленеді. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесіне тиесілі.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
 және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер