KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 24 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізеді

 13.04.2023    452
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2023 жылғы 13 сәуірдегі № 6/2023 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) шақыру туралы хабардар етеді.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Жалпы жиналыс 2023 жылғы 24 мамырда 15 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 200-кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 24 мамыр 10 сағат 00 минутта басталады. 2023 жылғы 24 мамыр 13 сағат 00 минутта аяқталады.
Кворум болмаған жағдайда Жалпы жиналыс 2023 жылғы 25 мамырда 15 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 200-кабинет мекенжайы бойынша қайта өтеді. Акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 25 мамыр 10 сағат 00 минутта басталады. 2023 жылғы 25 мамыр 13 сағат 00 минутта аяқталады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2023 жылғы 26 сәуір.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттары ұсынулыға тиіс.
 
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
  1. «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  2. «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы  шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  3.  «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылы атқарылған жұмыс туралы жылдық есебін бекіту туралы.
  4. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің 2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы.
  5. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  6. «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен акционерлер 2023 жылғы 12 мамырдан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб. мекенжайы бойынша, сондай-ақ https://kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.
 
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі:
Жалпы жиналыста дауыс беруге қатысу үшін Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар адам осы хабарламада көрсетілген күндер мен сағаттарда ресми тіркеуден өтуге тиіс;
Жалпы жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі Жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын, белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Жалпы жиналысқа қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде ескерілмейді және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;
Жалпы жиналысқа шақырылған адамдар қатыса алады, бұл ретте мұндай адамдар жиналыс төрағасының рұқсатымен Жалпы жиналыста сөз сөйлеуге құқылы;
Жалпы жиналыс кворум бар болған кезде жарияланған уақытта ашылады;
Жалпы жиналыс төрағаны (төралқаны) сайлауды өткізеді және ашық немесе жасырын (бюллетендер бойынша) дауыс беру нысанын айқындайды. Жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру «1 (бір) акция - 1 (бір) дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал шешім дауыс беруге қатысып отырған және қатысуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады;
«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы Жалпы жиналыстың хатшысы болып табылады;
Жалпы жиналыс өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде Жалпы жиналыстың күн тәртібінің жекелеген мәселелерін қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы;
Жалпы жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралғаннан және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады.
Жалпы жиналысты өткізудің өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысымен және «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (2020 жылғы 27 мамырдағы №1/2020 хаттама) бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен айқындалған.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмайды.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39-48 және 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерін Жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз. Жалпы жиналысқа қатысу үшін акционер - жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын ала келуі қажет.
 
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері болып табылатын тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері ғана Жалпы жиналысқа қатысу құқығына ие екеніне назарыңызды аударамыз. Акционерлер болып табылмайтын ілесіп жүретін тұлғалар, туыстар, балалар Жалпы жиналысқа қатыстырылмайды.
 
Түсіністік танытқаныңызға рақмет.
 
Реакция:
Серiктестер