Атырау мұнай құбыры басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен басқарманың Жас мамандар кеңесі өндірістегі жұмысшы жастарға арнап, табиғат аясында бас мамандармен кездесуін ұйымдастырды. Ұжымда ұйымшылдықты қалыптастыру, қызметкерлердің теориялық білімін арттыру және жас мамандардың шығармашылық және зияткерлік қасиеттерін анықтау мақсатындағы кездесуге Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы Өтеу Есмұрзин арнайы қатысты.
Бейресми кездесу барысында басқарма аппараты мамандары арасынан спикерлердің қатысуымен тәуекелдерді басқару, энергоменеджмент, жас мамандармен жұмыс және жастарды дамыту бағдарламасы, кәсіподақ қызметі туралы, өндірістегі технологиялық режимдер және мұнай құбырын пайдалану тақырыптары бойынша тренниг семинар өткізілді. Жас мамандарды өндіріске бейімдеуге бағытталған өте маңызды аспекті саналатын мастер-класстар өз ықпалын берері сөзсіз. – Біз осындай бейресми кездесуде жастардың шығармашылығына да көңіл бөлдік, бейнематериалдар арқылы олардың жұмыс нәтижесін көрсеттік және өткізілген семинар-тренингтер өндірістегі жұмыстарында нәтижесін береді,- деді Атырау МҚБ жас мамандар Кеңесінің төрағасы Аманжол Досмұхамбетов.
Кездесу соңында «Абай күніне» орай барлық қатысушыларға қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» жинақталған кітабы табысталды.