Өндірістік нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлер марапатталды
05.05.2025 213
2025 жылғы 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Астана қаласында, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының атынан Қоғамның өндірістік қауіпсіздік нысандарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері марапатталды.
«Қауіпсіздікке ұзақ мерзімді үлес қосқаны үшін» номинациясы бойынша «Құрмет» грамотасымен Қоғамның Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына қарасты «Алибекмола» бас мұнай айдау станциясының өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Рахмет Кесікбайұлы Елеуов марапатталды.
«Еңбекті қорғау саласындағы жас көшбасшы» номинациясы бойынша Қоғамның Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты өндірістік қызмет көрсету базасының еңбекті қорғау жөніндегі инженері Медет Бүркітбайұлы Бакировқа «Алғыс хат» табыс етілді.
«Еңбекті қорғау ардагері» номинациясы бойынша Қоғамның Шымкент мұнай құбыры басқармасына қарасты «Шолақ-Қорған» бас мұнай айдау станциясының бұрынғы қызметкері Еркінбек Жасымбекұлы Жайымбаевқа естелік төсбелгімен марапатталды.
Аталған қызметкерлер компанияның өндірістік нысандарында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ісіне қосқан елеулі үлесі мен адалдығы үшін жоғары бағаланды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
«ҚазТрансОйл» АҚ-та өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мердігер ұйымдармен кезекті тоқсан сайынғы кеңес өтті
01.07.2025
Oil Transportation Management - KazTransOil - жер қойнауын пайдаланушылар үшін «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру басталды
26.06.2025
«ҚазТрансОйл» АҚ қытайлық әріптестердің қатысуымен халықаралық апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізді
25.06.2025
«ҚазТрансОйл» АҚ Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-та химиялық сараптамалық зертхананың құрылысы аяқталды
25.06.2025
«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС ынтымақтастық перспективаларын талқылады
25.06.2025
«Кеңқияк-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ пен «МұнайТас» ЖШС арасында жаңа үшжылдық шарт жасасу мақұлданды