KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-де Эмитент күнін өткізді

 18.08.2023    1051

2023 жылдың 18 тамызында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында Эмитент күні аясында өткен жиын «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметіне арналды. Қатысушылар назарына өндірістік-қаржылық көрсеткіштер, күрделі салымдар, тариф саясаты, «ҚазТрансОйл» АҚ инвестициялық жобаларын іске асыру туралы негізгі деректер ұсынылды.

Кездесуге қатысушылар «ҚазТрансОйл» АҚ-ның көрсетілетін қызметтерінің тарифтері, күрделі салымдар, жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша сұрақтарға толық жауаптар алды. Журналистер назарына «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту – 1 кезең» инвестициялық жобасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары таныстырылды. БАҚ өкілдері тарапынан «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыруға да ерекше назар аударылды.

Реакция:
Серiктестер