KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та 5 ірі әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде

 09.02.2024    2444
«ҚазТрансОйл» АҚ-да 5 ірі әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы жобаларды басқару департаментінің директоры Мақсат Ғалиев мәлімдеді.
 
- 2024 жылы компанияның Шымкент мұнай құбыры басқармасы «Шағыр» МҚП-мен Павлодар мұнай құбыры басқармасының  «Екібастұз» мұнай айдау станциясында әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы жүргізуде. Сондай- ақ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Сай–Өтес» мұнай жылыту станциясында 20 орындық асханасы бар жатақхана салынуда, Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы «Әлібекмола» БМАС-та 64 орындық жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілуде, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы, «Жетібай» МАС-та асханасы қарастырылған әлеуметтік тұрмыстық кешеннің құрылысы жүргізілуде, - деп атап өтті Мақсат Ғалиев.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер