KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та Ауған жауынгерлеріне құрмет көрсетті

 19.02.2024    2015

Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуы құрметіне орай «ҚазТрансОйл» АҚ-та компанияның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек ететін  интернационалист жауынгерлерді құттықтады.

Аймақтарда ұйымдастырылған ардагерлермен кездесулерге қатысушылар төзімділік пен батылдық танытқан, өздерінің азаматтық және жауынгерлік парызын адал атқарған, бүгінгі күні ел игілігі үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-та еңбек етіп жүрген барлық ардагерлерге құрмет көрсетті.  

Атырау МҚБ-да өткізілген салтанатты жиын кезінде басқарма бастығы Марлен Төлегенов Кеңес Одағы тарап кетсе де, жат елде отанын қорғаған жауынгерлер ерлігі ұмытылмайтынын атап өтіп, ардагерлердің жастарға патриоттық тәрбие  берудегі орны орасан екенін алға тартты.

Ал Павлодар МҚБ-ның бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы  Қуаныш Ильяшев: 

– Былтырдан бері жаңа ұжымдық келісімшартқа сәйкес Ауған соғысына қатысқан мұнай құбыршы әріптестерімізге 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем беріледі. Ол Жеңіс күні қарсаңында жүзеге асырылады, - деді. 

Өз кезегінде Ауған ардагерлері ұжыммен көңіл бөліп, құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.  



Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер