KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ХМТА-ның 21-ші кезектен тыс отырысына қатысты

 05.04.2024    1765
Сербия астанасында Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының кезектен тыс 21-ші отырысы өтті. Оған «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов қатысты. Отырыс аясында сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру жөніндегі Тұрақты сарапшылық топтың отырысы өтіп, оған «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Темірхан Әбдіров қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне ХМТҚ қызметіне қатысты бірқатар мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, ұйымға толық қанды мүше болып ену туралы Каспий құбыр консорциумы атынан түскен өтініш қарастырылып, мақұлданды. 2015 жылдан бастап Каспий құбыр консорциумы ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие болған еді. Отырыс барысында ХМТҚ басқармасының жаңа төрағасы да сайланды, ол Сербиялық «Транснафта Панчево» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бас директоры - Богдан Кузманович болды.

ХМТҚ 2013 жылы Прагада (Чехия) халықаралық ерікті, коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды. Оның мақсаты – мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қауымдастық мүшелеріне қолдау көрсету, сондай-ақ қауымдастық мүшелерінің ең қолайлы жұмыс жағдайларын жасау бойынша күш-жігерін тиімдіүйлестіру.

Серiктестер