KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2024 жылдың сәуір айында «ҚазТрансОйл» АҚ 834,8 мың тонна ресейлік мұнайды Қытай Халық Республикасына транзит арқылы жөнелтті

 15.05.2024    2643
2024 жылдың сәуір айында «ҚазТрансОйл» АҚ Қытайға 834,8 мың тонна ресейлік мұнайды транзит арқылы жөнелтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8 мың тоннаға көп.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытайға Ресей мұнайының транзит көлемі 855,6 мың тоннаны, ақпанда – 816,2 мың тоннаны, наурызда – 835,6 мың тоннаны құрады.

2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнай транзитінің көлемі 9 млн 989 мың тонна болды.

2014-2023 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 91 миллион тонна ресейлік мұнай жеткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан

Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы келісім бойынша Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзитпен тасымалдайды.

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Роснефть» мұнай компаниясы» ЖАҚ-пен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы келісімді 2033 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.
 
Реакция:
Серiктестер