KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Акционерлердің жалпы жиналысы «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітті

 23.05.2024    2245

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй мекенжайында орналасқан «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылғы 23 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2023 жылға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ (ISIN KZ1C00000744) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдап, бірқатар жұмыстарды бекітті:

1) «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2023 жылдың қорытындысы бойынша алған 32 845 337 000 (отыз екі миллиард сегіз жүз қырық бес миллион үш жүз отыз жеті мың) теңге сомасында таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілді:

дивидендтер төлеуге 25 000 826 435 (жиырма бес миллиард сегіз жүз жиырма алты мың төрт жүз отыз бес) теңге сома жіберу;

7 844 510 565 (жеті миллиард сегіз жүз қырық төрт миллион бес жүз он мың бес жүз алпыс бес) теңге сомасында қалған таза кіріс бөлмей «ҚазТрансОйл» АҚ-ның иелігінде қалдыру;

2) «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2023 жылға арналған дивиденд мөлшері 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде белгілеу.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ -тың жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 3 маусым сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасақталады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2024 жыл, 12 маусым.





Реакция:
Серiктестер