KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының өндірістік нысандарын жаңартады

 05.09.2024    5894
Қарағанды мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов «Атасу» бас мұнай айдау станциясындағы ғимаратты күрделі жөндеу, сумен жабдықтау және өрт сөндіру жүйелерін қайта құру жұмыстарын тексерді.

Ол станцияның өндірістік нысандарын жаңартуда үздік стандарттарды пайдалана отырып жүзеге асыруды және оларды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Атасу» бас мұнай айдау станциясындағы ғимаратты күрделі жөндеуді, сумен жабдықтау және өрт сөндіру жүйелерін қайта құру «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры бойынша сенімді мұнай тасымалын және «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Станциядағы санитарлық-тұрмыстық және өндірістік нысандарға су беруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау жүйесін қайта құру аясында ұзындығы 2,2 км су құбыры ауыстырылады. Станцияның өрт сөндіру жүйесін қайта құруда өртке қарсы жалпы көлемі 2 мың текше метр су қорын сақтауға арналған 2 резервуар салынады. Ғимаратты күрделі жөндеу нәтижесінде станциядағы құрал-жабдықтар сенімділігі артады.

«Атасу» бас мұнай айдау станциясында Арман Қасенов резервуарлар паркі, магистральдық сорғылар станциясы, операторлық пункт, химиялық зертханаға да барды.

Қарағанды мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасында ол пропан және оттегі қоймасының құрылыс алаңында болып, жобаны жүзеге асыруды белгіленген мерзімде аяқтау туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар Қарағанды мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов өндірістік нысандардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығымен танысты. Арман Қасенов күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесін дайындау бойынша барлық ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды орындаудың маңыздылығы зор екенін атап өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасы «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалын, Қытай Халық Республикасына тасымалдау үшін «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеуді қамтамасыз етеді.
 
 
Реакция:
Серiктестер