«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің шамамен 100%-ы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының мүшелері болып табылады және «ҚазТрансОйл» АҚ мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық шартқа қосылды.
Жергілікті кәсіподақ қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен олардың отбасыларының бос уақытын ұйымдастыруға, спорттық-сауықтыру және мерекелік іс-шараларды өткізуге, ардагерлерді құрметтеуге, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға материалдық көмек көрсетуге жәрдемдеседі. Жұмысшылардың балаларына ғана емес, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына да ерекше назар аударылады.
Жергілікті кәсіподақ құрамына 14 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіретін тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік. 2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің 6 жергілікті кәсіподағын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.
Жергілікті кәсіподақ Қазақстан Республикасының Кәсіптік одақтар күнімен құттықтайды және қауіпсіз еңбек жағдайлары мен амандық, денсаулық тілейді!