KZTO 809,00 (-0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 809,00 (-0,12)

«ҚазМұнайГаз» спартакиадасының жеңімпаздары – «ҚазТрансОйл» АҚ спортшыларымен мақтанамыз!

 25.07.2025    33

Ақтау қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы өз мәресіне жетті. Аталған спорттық шараға «ҚазМұнайГаздың» 30 еншілес және тәуелді ұйымынан 700-ден астам қызметкер қатысты.

«ҚазТрансОйл» АҚ-дан 71 қызметкер түрлі спорт түрінен сынға түсті. Командамыз тек алтын медальдарды жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 13 алтынмен үздік деп танылды.

Жеке біріншіліктерде жеңіске жеткен қызметкерлеріміз:

Садақ ату (әйелдер):

– Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Жетібай» мұнай айдау станциясының технологиялық қондырғылар операторы Қаракөз Қилыбаева.

Қол күресі (әйелдер):

– 65 келіге дейінгі салмақта — Батуми теңіз портының әкімшілік бөлімінің хатшысы Шорена Девадзе.

– 65 келіден жоғары салмақта — Маңғыстау МҚБ орталық зертханасының химиялық талдау лаборанты Елена Буркальцева.

Үстел теннисі (әйелдер):

– Жезқазған МҚБ «Құмкөл» БМАС-ның химиялық талдау лаборанты Томирис Марғарапова.

Жүзу:

– Ерлер (40 жасқа дейін) — Павлодар МҚБ «Петерфельд» ЖӨДС желілік құбыршысы Игорь Сорокин – І орын.

– Әйелдер (40 жастан асқан) — Павлодар МҚБ ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету учаскесінің жетекші инженері Ирина Филяева.

– Әйелдер (40 жасқа дейін) — Батуми теңіз портының ИМЖ және стандарттау басқармасының тәуекелдер жөніндегі жетекші маманы Зинаида Ильченко.

Тоғызқұмалақ (әйелдер):

– Павлодар МҚБ техникалық диагностика жөніндегі инженері Сабина Өмірзақова.

Шахмат:

– Әйелдер арасында — Орталық аппараттың тәуекел-менеджменті және бизнес-процестер басқармасының жетекші маманы Айгерім Мұратова.

– Ерлер арасында — Қарағанды МҚБ өлшеу құралдарын тексеру учаскесінің жетекші инженері Валерий Аллаяров.

Командалық ойындардағы жеңістеріміз:

– Волейболдан әйелдер және ерлер командалары 1-орынға ие болды.

– Баскетболдан ерлер командасы үздік команда деп танылды.

Командалық табыстармен қатар, жеке ойыншыларымыз да ерекше көзге түсті:

– Волейбол (ерлер): «Үздік ойыншы» – Қарағанды МҚБ «Трудовое» АҚП-ның электр монтері Нұржан Бейсенбаев.

– Волейбол (әйелдер):

«Үздік ойыншы» – Павлодар МҚБ ӨҚБ сылақшысы Аружан Қадыр.

«Үздік қорғаушы» – Павлодар МҚБ ӨҚБ сылақшысы Назгүл Айдарханова.

– Баскетбол спорт түрінен «Үздік шабуылшы» – Атырау МҚБ электрхимиялық қорғаныс және әуе желілері /ЭХҚ және ӘЖ/ учаскесінің электромонтері Рустам Өтегенов.

«ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануды және насихаттауды жалғастырып келеді. Қызметкерлеріміздің бұл жетістіктері – тұрақты жаттығулардың, ұйымшылдық пен кәсіби рухтың жарқын дәлелі.

Барлық жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!

Реакция:
Серiктестер