«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасында әкімшілік-техникалық нысанның: әкімшілік-тұрмыстық кешеннің (ӘТК) және 60 автокөлікке арналған жылытылатын тұрақ боксын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жалпы ауданы 1 850 м² болатын нысан Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының өндірістік базасында орналасқан және ол технологиялық көлік және арнайы техника цехы (ТКжАТЦ) қызметкерлеріне, соның ішінде инженерлік-техникалық персоналға арналған жұмыс орындары бар әкімшілік-тұрмыстық кешен мен автокөлік, оның ішінде арнайы техникаға арнаған тұрақ боксынан тұрады.
Ғимарат 2000 жылы салынған және пайдаланылған жылдар ішінде техникалық жағдайы талаптарға сай келмей қалғандықтан, күрделі жөндеу қажет болды.
Жоба аясында ғимарат толық жаңартылды. ӘТК-де терезелер мен есіктер, инженерлік желілер, жылыту жүйелері, күштік электр жабдығы, сумен жабдықтау, желдету және жарықтандыру жүйелері ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, қасбеті мен шатыры жаңартылды.
Тұрақ боксында қақпалар, еден жабыны, ауа тарту құрылғысы бар желдету жүйесі, жарықтандыру және күштік жабдықтар ауыстырылды, заманауи жылыту және өрт дабылы жүйелері орнатылды. Қасбеті мен шатыры жаңартылды.
Жобаны іске асыру нысанды қауіпсіздік пен жайлылықтың бүгінгі талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік берді, ТКжАТЦ персоналының жұмыс істеуі мен автокөлік пен арнайы техниканы пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасалды.
Күрделі жөндеу жұмыстары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2023–2027 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасы аясында жүргізілді. Компания инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асырып, нысандардың техникалық жағдайын тиісті деңгейде ұстау арқылы олардың сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ мұнайды үзідіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.