KZTO (0)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары (0)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері Жанат Тайбупенов грэпплингтен әлем чемпионы атанды

 31.10.2024    862
Астанада грэпплингтен (соққысыз, негізінен ұстасу техникасына негізделген спорт түрі) әлем чемпионаты өтіп жатыр, оған «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығын» филиалының жобалау-сметалық бюросының норма бақылау, дайындық, жинақтау және жобалық-сметалық құжаттама беру тобының инженері Жанат Баянбекұлы Тайбупенов қатысып, керемет жетістіктерге қол жеткізді. Жанат 71 кг салмақ дәрежесінде ардагерлер арасында сынға түсіп, төмендегідей нәтижелерге ие болды:
• Грэпплинг Ги (кимонода күресу) бөлімінде – 1 орын;
• Грэпплинг (кимонодан тыс) бөлімінде – 2 орын.

Жанат Баянбекұлы Тайбупенов – Қазақстан Республикасының грэпплингтен (UWW) спорт шебері.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы осы чемпионатта жалпы 12 алтын, 26 күміс және 40 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын мен чемпиондық кубокты иеленді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер