KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-де Эмитент күнін өткізді

 13.11.2024    1697

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған Эмитент күні аясында «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және басқа да мүдделі тұлғаларға «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың 9 айдағы қызметінің қорытындыларын жария етіп таныстырды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов 2024 жылдың 9 айдағы өндірістік және қаржылық қорытындылары туралы баяндап, сонымен қатар компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша кездесу қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ 38 463 559 жай акцияларын орналастырды. «ҚазТрансОйл» АҚ шығарылған жай акцияларының иелері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (90%), сондай-ақ 31 835 жеке тұлға және 48 заңды тұлға (9,998%).

Реакция:
Серiктестер