KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай тасымалдаушылардың қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының 23-отырысына қатысты

 13.11.2024    1328
2024 жылдың 13 қарашасында Белградта (Сербия) Халықаралық Мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының Ассоциация жиналысының өкілеттіктеріне ие 23-ші басқарма отырысы өтті. Кездесуге бес ұлттық мұнай тасымалдау операторы, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының өкілдері қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясынан отырысқа Бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сағиев қатысты.
 
Отырыста қауымдастықтың 2024 жылғы қызметінің қорытындылары, оның ішінде тұрақты сараптамалық топтардың жұмысы талқыланып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен бюджеті бекітілді. Іс-шара аясында тасымалдау мәселелері бойынша тұрақты сараптамалық топ қатысушыларының кездесуі өтті.
 
Отырыстың алдында Белградта ХМТҚ жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге Сербия Мемлекеттік хатшысы, тау-кен ісі және энергетика министрінің орынбасары С. Срблянович бастаған ресми делегация қатысты.
 
Реакция:
Серiктестер