«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов қытайлық Sino-Pipeline International (SPI) мұнай құбыры компаниясының басшылары Jian және Jin Qingguo мырзалармен жұмыс кездесуін өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар энергетикалық ресурстарды тасымалдау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Арман Қасенов қытайлық әріптестермен серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті: «ҚазТрансОйл» АҚ мен «SPI» компаниясы арасында энергетика секторында тарихи табысты ынтымақтастық қалыптасқан. Біздің өзара серіктестігіміздің артуы энергетикалық ресурстарды тиімді және тұрақты тасымалдауды дамытуға ықпал етеді» ,- деді ол.
Тараптар мұнай құбыры тасымалы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға және серіктестік қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін растады.
«ҚазТрансОйл» АҚ мен «SPI» компаниясы «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салу жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасайды.