KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының қазандықтарын жаңғыртты

 20.12.2024    1129
«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Шолаққорған» бас мұнай айдау станциясы мен «Созақ» мұнай айдау станциясы қазандықтарын қайта жаңғыртты.
 
Жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту барысында блокты-модульдік ғимараттар салынды. Жаңа буын қазандықтары орнатылып, олар жылуды қайта пайдалану есебінен отын шығынын 14%-ға дейін азайтып, пайдалы әсер коэффициентін 98%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазандықтар температура мен қысымды автоматты түрде бақылау жүйелерімен жабдықталған, бұл олардың жұмысын оңтайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
 
«Созақ» мұнай айдау станциясында жылумен жабдықтау жүйесі дизель отынынан мұнайға ауыстырылып, бұрын жылытылмаған ғимараттар қосылды.
 
Бұл жоба «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға және «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының өндірістік нысандарының энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
 
Реакция:
Серiктестер