KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы 1,7 мың шақырым магистральдық мұнай құбырына диагностика жүргізді

 31.12.2024    111

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының 19 учаскесін қамтитын жалпы ұзындығы 1 730 км құбырішілік диагностика жүргізді. Жұмыс барысында құбырлардың ішкі қуысы тазаланып, өту қимасын анықтау үшін калибрленді, сондай-ақ ойықтар мен гофрлар сияқты деформацияларды түзету үшін геометриялық снарядтар пайдаланылды.

Құбырлардың жай-күйін егжей-тегжейлі талдау үшін бақылауды бұзбайтын озық технологиялар қолданылды:

  • Магниттік әдістер: металдың бүлінуін, коррозиялық кластерлерді және тігіс ақауларын анықтау үшін бойлық магниттеу (MFL) және көлденең магниттеу (TFI).
  • Ультрадыбыстық технология (UT WM): құбыр материалындағы жарықтар мен стратификацияларды анықтауға арналды.
Шетелдік жабдықты қолдана отырып, осы әдістердің жиынтығын қолдану диагностиканың жоғары дәлдігін қамтамасыз етуге және тіпті жасырын ақауларды анықтауға мүмкіндік берді.

Зерделенген учаскелердің ішінде «Павлодар - Шымкент», «Құмкөл - Қарақойын», «Өзен – Жетібай - Ақтау» сынды негізгі магистральдық мұнай құбырлары мен қатар бүкіл ел аумағында мұнай тасымалдауды қамтамасыз ететін басқа да құбырлар қамтылды. Мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында тамыздан желтоқсан айларына дейін барлық жоспарланған диагностикалық іс-шаралар сәтті өткізілді.

Құбырішілік диагностика нәтижелері қауіпті учаскелердегі бірінші кезекте жоюды талап ететін ақауларды жедел жөндеуге мүмкіндік берген болатын. Бұл «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбыры инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін мамандардың жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Компанияның тәжірибесінде тұңғыш рет құбырішілік диагностика құбырлардың тұтастығын қамтамасыз ететін қызметтердің кешенді сүйемелдеумен жүргізілді. Бұл тәсіл тек техникалық диагностиканы ғана емес, сонымен қатар құбырлардың қызмет ету мерзімін ұзарту және олардың экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін жан-жақты талдауды да қамтығанын атап өткен жөн.

Құбырішілік диагностика — бұл арнайы құбырішілік диагностикалық снарядтарды пайдалану арқылы ақауларды анықтауға және құбырлардың ішкі күйін бағалауға арналған жоғары технологиялық процесс. Құбырішілік диагностиканың негізгі мақсаты — қауіпті ақауларды уақтылы анықтау және жою арқылы мұнайдың ағуы, жарылыстар немесе өрт сияқты ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер